ШҚО ББ «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» ҚММ
Біздің колледжге келіңіз!
Өскемен сервистік индустрия колледжі
Біздің колледжге келіңіз!

2022 жылғы 16 қарашада Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беру орталығының қызметкерлері: бас сарапшы Г.А. Ноғайбаева және жетекші сарапшы М.Ж. Темірбаева  білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін зерделеу мақсатында «Мектептегі оқушыларға кәсіптік бағдар берудің инклюзивтілігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері» жобасы бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ болды.

2022 жылды 1 қараша күні колледждің «Тігін өндірісі және киім үлгілеуі» мамандығы бойынша оқитын 1 және 2 курс студенттері жұмысшы мамандықтарын кеңінен насихаттау, еңбек жағдайларымен және мансаптық келешегімен танысу мақсатында «100 шаршы» ЖШС кәсіпорнында болды. Экскурсия Қазақстан студенттерінің Альянсы ұйымдастырған «Кәсіптік бағдар беруге, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шаралар кешені» әлеуметтік жобасы аясында өтті және жұмысқа, өзіне саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Жаңа Қазақстанды құруға белсенді қатысатын жастардың құзыреттіліктерін, мүмкіндіктерін, дағдыларын анықтап және олоарды ашуға бағытталған.

Республика күні қарсаңында және Өскемен қаласындағы Достық үйінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясының кеңейтілген отырысы және мерекелік концерт, шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті - аталған шараны көруге колледж студенттері барды. 

Отансүйгіштікке тәрбиелеу, Қазақстанның қалыптасуы мен егемендігін көрнекі түрде зерделеу, жасөспірімдерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, оқырмандарды ел тарихын зерделеуге баулу мақсатында «25 қазан - Қазақстан Республикасы күні» тақырыбында колледж кітапханасында тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімді, туған жерге, өз республикасына деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін ояту, балалардың шығармашылық қабілеттері мен дарындылығын дамыту мақсатында колледжде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» атты суреттер көрмесі өтті. 

Туған жерге деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халықтарының ұлттық-мәдени дәстүрлеріне құрметпен қарауға, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін дамытуға және сақтауға, туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерделеуге танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында еліміздің мемлекеттік рәмізін құрметтеуге, азаматтыққа және патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында колледжде «Қазақстан Республикасы күні» арналған салтанатты линейка болды және «Дауыс патриотизмі» жалпы колледж Мемлекеттік Әнұранын  орындалды. 

Жастар арасында Республика күнін насихаттау, студенттердің бойында патриоттық, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін дамыту, жастардың Қазақстан туралы білімдерін жалпылау және жүйелеу, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыру, руханиятты ел алдындағы жауапкершілікті дамыту мақсатында колледждің «Жалын» жастар ұйымының студенттері Қазақстан туы бейнеленген «I LOVE KZ» селфи онлайн-челенджіне қатысты.

#republikdaykz
#Jastaroskemen
@jastaroskemen

Жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоғамдық белсенділігін арттыру және денсаулығын нығайту, оларды ұлттық мәдениеттің ажырамас элементі ретінде дене шынықтырумен таныстыру аясында колледжде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Көңілді старттар» спорттық жарыстар өтті.

Әдебиеттерді мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру, әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, шығармашылық әлеуетін дамыту және дарындылығын көрсету мақсатында Чехия республикасында «Перспектива плюс» халықаралық орталығы ұйымдастырған «Шабыт» халықаралық мәнерлеп оқу байқауына ОКАО 2 топ студенті Боровикова өзі шығарған «Сұлулық» тақпағымен қатысып 1-орынды иеленді.

Салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдерді жүйелі дене тәрбиесіне баулу мақсатында, студенттердің табандылықтарын, өз-өзіндеріне сенімділіктерін, денсаулықтарын нығайтуға, адамгершілік –әдеп  және еріктілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған, Қазақстан Республикасы күніне арналған,  колледжде гір тасын көтеруден «Ең күшті» атты жарыс өткізілді.

Қазақстан Республикасының күні қарсаңында және пневматикалық винтовкадан атуды дамытуды кеңінен насихаттау, студенттердің командалық және жеке дағдыларын жетілдіру және әскери-қолданбалы спорт түрлерінен мақсатты жұмыс жасау мақсатында колледжде пневматикалық қарудан ату жарыстары өткізілді.

Ата-аналар жиналысы – психолог жұмысының ерекше түрі, оның мүмкіндіктерінің ауқымын айтарлықтай кеңейтеді. Педагог-психолог жұмысының мақсаты – ең алдымен жасөспірім психикасы, оның дамуының жалпы және жеке ерекшеліктері тұрғысынан жасөспірімнің өмірін оқуға ыңғайлы ету. Ата-аналар жиналысында «Жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында педагог-психолог А.Серікбекова баяндама жасады.

Басты мәзір